RU
Еліміздің бас онкологі қатерлі ісіктен сақтанудың жолын айтты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Еліміздің бас онкологі қатерлі ісіктен сақтанудың жолын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқан. Жылына 36 мың науқасқа рак деген диагноз қойылып, оның 15 мыңы қайтыс болады екен. Осы орайда еліміздің бас онкологы тұрғындарға жаман аурудың алдын алуға бірқатар кеңес берді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

"Адамдар қызыл еттен бас тартса, ішек рагы азаяды. Еліміз әйелдер мен ерлер арасындағы ішек рагы бойынша бесінші орыннан үшінші орынға шықты. Ал тұзды тұтынуды азайтсаңыздар, асқазандағы қатерлі ісіктен құтыламыз. Бауыр рагын болдырмау үшін вакцинамен гепатит Б-ның алдын алу керек", - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.

Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры көп тараған. Ерлер көбіне өкпе, асқазан рагіне шалдығады. Ең өкініштісі, жаман дертке душар болғандардың басым бөлігі жастар мен орта жастағы азаматтар.

Қатерлі ісіктен көз жұмғандар, әсіресе, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстiк және Шығыс Қазақстан облыстарында көп. Ал бұл аурумен күресетін онкологтар жетіспейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
4
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel