RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болып, үсік жүруі ықтимал
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болып, үсік жүруі ықтимал

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 10 сәуір күні еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болып, үсік жүруі ықтимал деп хабарлайды Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауа райы: Бүгін еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болып, үсік жүруі ықтимал

Көрнекі фото

Қазақстанның солтүстігінде орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыстардың кей жерлеріне жаңбыр және ылғалды қар түрінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ алып келеді.

10 сәуірде батыс аймақтарға жауын-шашынсыз ауа-райы тұрақталатын антициклон жылжиды.

Оңтүстік облыстарда дауылдық ескерту жарияланған. 10 сәуірде Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік сақталады, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады.

Сонымен біргі еліміздің шығыс өңірінде даблды ескерту жарияланды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 10 сәуірде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с-қа күшейеді. қ. Өскемен: 10 сәуірде жауын-шашын, жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір