RU
Қазақстандықтар "әдемі" нөмір алу үшін бір миллиард теңге жұмсаған
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар "әдемі" нөмір алу үшін бір миллиард теңге жұмсаған

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда "әдемі" нөмірлер бір миллиард теңгедей қаражатқа сатылды деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының қоғаммен байланыс департаменті директоры Мұрат Жұманбай.

Қазақстандықтар

Оның сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың бірінші тоқсандығында арнайы ХҚКО-тары арқылы 913 миллион теңгеге ерекше сұраныстағы 3 385 мемлекеттік тіркеу нөмірі сатып алынған.

Жалпы былтырғы көрсеткіш бойынша, қазақстандық темір тұлпар иелері ерекше сұранысқа ие 4,5 мың нөмірді сатып алу үшін 1,5 миллиард теңгедей қаражат жұмсапты.

Мұндай "әдемі нөмірлер" әсіресе Алматы (1 468 дана) және Астана (910 дана) қалаларында көбірек сатылған.

Биыл 15 қаңтардан бастап симметриялық сандарды да, әріптер комбинациясын да таңдап, қалаған нөміріңізді сатып ала аласыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір