Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдері сенбілікте жүргенде 9 сынып оқушысы құрдасын пышақтап өлтірді

Опубликовано:

Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы №10 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы көршілес №29 мектепте оқитын құрдасын пышақтап өлтірді. Оқиға болған уақытта мұғалімдердің барлығы қала әкімдігі жариялаған сенбілікте жүрген деп жазады Centralasian.org басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұғалімдері сенбілікте жүргенде 9 сынып оқушысы құрдасын пышақтап өлтірді
Мұғалімдері сенбілікте жүргенде 9 сынып оқушысы құрдасын пышақтап өлтірді: UGC

Бұл ақпаратты Әндіжан қаласы ішкі істер басқармасының қызметкері растады.

"Көрші мектептің оқушылары дауласып қалған, себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, Собировтен сөз естіген Ш.А. оны көрші мектептің ауласына шақырған. Бесінші сабақтан шыққан ол құрдасының жүрек тұсына пышақ сұққан. Мұхаммадасрор Собиров сол жерде көз жұмған", – деді құқыққорғау органының қызметкері.

Оның айтуынша, №29 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша инспекция тізімінде тұрған.

"Қазір бұл іспен тергеуші айналысып жатыр. "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", - деді ол.

Мектеп оқушысының өлімі кезінде мұғалімдер қала әкімдігі жариялаған сенбілікте жүрген, сол себепті оқушылар мұғалімдердің қарауынсыз қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1725715-mgalimderi-senbilikte-zrgende-9-synyp-okusysy-krdasyn-pysaktap-ltirdi/

pixel