RU
Араб олигархының бетін қайтарған модель қыз түрмеден бір-ақ шықты
Жаңалықтар Әлемде

Араб олигархының бетін қайтарған модель қыз түрмеден бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Дубайға модель ретінде жұмыс істеуге кеткен 23 жастағы Екатерина Стецюк түрмеде жатыр. Бұл жайында «Россия» телеарнасындағы «Прямой эфир» жобасына көмек сұрап келген қыздың туыстары мен достары мәлімдеді деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Араб олигархының бетін қайтарған модель қыз түрмеден бір шықты

Араб олигархының бетін қайтарған модель қыз түрмеден бір шықты

Иркутск қаласының тұрғыны Катяның құрбыларының айтуынша, ол Дубайда бизнесмен араб ханзадасын жолықтырған. Бәрі ертегідей болып басталғанымен, бұл оқиғаның арты қорқынышты түске айналады.

Бір күні қызды пәтеріне алдап әкелген араб онымен жақындасқысы келген. Бірақ Катя көнбей қойыпты.

Әлгі жерде бизнесмен қызды қорқытып, оған пышақ кезейді. Жанын сақтап қалуды ойлаған модель алтыншы қабаттан секіріп кеткен.

Сөйтіп өкпесі мен омыртқасынан зақым алған қыз ауруханаға түседі. Бірақ көп жатқызбай оны адам өміріне қиянат келтірді деген айыппен полиция түрмеге қамаған.

Сол уақытқа дейін модель қызға іздеу салған туыстары құқық қорғаушылардан оның абақтыда жатқанын біледі. Артынша, орыс қызды сол жердің полицейлері басқа есіммен тіркеп қойғаны анықталған.

Енді түрмеде жатқан Екатерина еліне жуық арада орала ма, жоқ па белгісіз. Бірақ модельдің бұрынғы жігіті мен отбасы оны түрмеден шығарып алу үшін бар күштерін салып жатқандарын айтты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
6
1
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір