RU
Отандық альпинистер Эверест шыңынан тікелей эфирге шықпақшы
Жаңалықтар Қоғам

Отандық альпинистер Эверест шыңынан тікелей эфирге шықпақшы

Рассказать Вконтакте

Астананың 20 жылдығына орай 3 адамнан құралған халықаралық экспедиция Эвересттің 8 мың 848 метрін бағындыруды жоспарлап отыр. Олар ертең жолға шығады деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық альпинистер Эверест шыңынан тікелей эфирге шықпақшы

Отандық альпинистер Эверест шыңынан тікелей эфирге шықпақшы

Оттегіні пайдаланбай, әлемнің ең биік 14 шыңына шыққан жалғыз қазақ Мақсұт Жұмаев экспедицияға жетекшілік етеді. Альпинист осыдан 11 жыл бұрын Эвересттің солтүстігіне көтеріліп, еліміздің әнұранын шырқаған болатын.

«Енді оңтүстік бағытын бағындырып, шыңға шыққаннан кейін әлеуметтік желіде оқырмандарыммен байланысқа шығамын», - дейді ол.

Елорданың мерейтойына арналған экспедиция 28 мамырға дейін жалғасады.

"Теңіз деңгейінен 8 мың метрден асатын кез келген тау шыңына шығу, әрине, қауіпті. Бірақ мен барлығы штаттық тәртіпте өтеді деген сенімдемін. Маған экспедицияның жетекшісі ретінде оны жоғарғы деңгейде ұйымдастыру міндеті жүктеліп отыр. Эвересттің солтүстігіне қарағанда оңтүстік бөлігіне көтерілу техникалық тұрғыда қиын әрі қауіпті", - деді Мақсұт Жұмаев.

Айта кетерлігі, Халықаралық экспедицияға Қазақстан, Ресей және Швейцария елдерінің азаматтары қатысады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel