RU
28 жастағы жігіт жыныстық қатынастан бас тартқан әйелді бауыздап тастаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

28 жастағы жігіт жыныстық қатынастан бас тартқан әйелді бауыздап тастаған

Рассказать Вконтакте

Башқұртстанда жыныстық қатынасқа түспені үшін 54 жастағы құрбысының басын кесіп тастаған азамат қолға түсті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көркемдік сурет. Фото: belnovosti.by

Көркемдік сурет. Фото: belnovosti.by
Source: UGC

Күдікті ретінде Сибай қаласының 28 жастағы тұрғыны құрықталды.

Оқиға 7 сәуір күні орын алған.

Жас жігіт 54 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырады. Олар ішімдік ішіп, көңіл көтерген.

Осыдан соң жігіт жыныстық қатынасқа түскісі келген ниетін айтқанда, қонақ әйел одан бас тартады. Ашулы азамат оны сол жерде тұншықтырып өлтірген.

«Ол денеден құтылу үшін басын кесіп, қоқысқа арналған қапшыққа салған. Сондай-ақ бас салынған пакетті үйіне келген өзге танысына ұстата салып, «қоқысқа тастай салшы» деп өтініпті. Қоқысты лақтырып келген азамат үйге қайта оралғанда бассыз денені көрген", - деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Ол үйден қашып шығып, бірден полицияға хабарлап үлгереді.

Айта кетейік, 28 жастағы жігіт осыған дейін бір рет адам өлтіріп, сотты болған екен. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
2
3
10
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel