RU
Ақмола облысында өзіне қол салмақ болған әйелді полицей құтқарып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында өзіне қол салмақ болған әйелді полицей құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында әйел адам өз-өзіне қол салмақ болған, полиция қызметкері оны райынан қайтарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысында өзіне қол салмақ болған әйелді полицей құтқарып қалды

Ақмола облысында өзіне қол салмақ болған әйелді полицей құтқарып қалды

8 сәуірде Есіл ауданында полиция старшинасы Асылхан Абдуллин кезекшілікте жүрген болатын.

Жақсы-Есіл-Бузулук жолында сағат 14:00 кезінде полицей теміржол үстімен өтетін көпірдің шетінде тұрған әйел адамды байқайды. Старшина көлігін тоқтатып, әйелге ақырын жақындап, әңгімелесе бастаған.

"Жас келіншек жылап, күйеуімен ренжісіп қалғанын, үйіне қайтқысы келмейтінін, өз-өзіне қол салғысы келетінін айтты. Бірнеше минут бойы әйелмен сөйлескен полицей, оны тыныштандырып, райынан қайтарған", — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары 35 жастағы әйелді ішкі істер бөліміне апарып, кейін үйіне жеткізіп салған әрі жұбайымен профилактикалық әңгіме жүргізген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel