RU
Шымкенттік "понт": Қымбат көліктерді такси ретінде жалдау сәнге айналды (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік "понт": Қымбат көліктерді такси ретінде жалдау сәнге айналды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте оғаш такси түрі пайда болды - енді діттеген жеріңізге люкс санатындағы қымбат көлікпен жете аласыз. Такси паркінде Hummer, Bentley, Mersedes-Benz 221, Toyota және өзге де темір тұлпарлар бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Көліктер. Фото: NUR.KZ

Көліктер. Фото: NUR.KZ

Мұндай қымбат көлікте бірнеше шақырымға шамамен 700 теңге төлейсіз.

"Hummer-ді жалдағанда тұрған не бар? Мен қойларды емес, адамдарды тасып жүрмін. Бірақ мен шақыртуға келгенде, көбі өз көзіне сенбей, диспетчерге қайта қоңырау шалады. Бірталайы селфи жасап үлгереді.

Жігіттер әдетте сүйіктісіне барарда осындай көліктерді жалдап жатады. Менің көлігімді Шымкентте білмейтін адам қалмаған шығар", - дейді такси жүргізушісі Мустафа.

Шымкентше "понт": Қымбат көліктерді таксиге жалдау сәнге айналуда (фото, видео)

Шымкентше "понт": Қымбат көліктерді таксиге жалдау сәнге айналуда (фото, видео)

Белгілі болғандай, Шымкентте Bentley көлігін жиі тойға жалдайды екен. Одан бөлек сүйіктісіне сезімін білдіру үшін және әуежайдан сыйлы қонақты күту үшін қымбат көліктің көмегіне жүгінеді.

Таксопарк қызметкерлерінің сөзіне сенсек, сұраныстың көптігінен көлікке кезек түзіліп те жатады.

Премиум таксидің пайда болуы желіде қызу талқыға түскен. Пікір қалдырушылардың дені бұл жайтты "шымкенттік "понт" деп атауда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
1
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel