RU
Тапсырыспен қыз алып қашатын шымкенттіктер елді таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Тапсырыспен қыз алып қашатын шымкенттіктер елді таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Қыз алып қашуға тапсырыс қабылдаймыз". Осындай ерекше хабарландыруды көрген оқырман NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдап, оның мән-жайын білуді өтінген.

Вконтакте желісінен скриншот

Вконтакте желісінен скриншот

Вконтакте әлеуметтік желісінде пайда болған жарнамада ОҚО, Түлкібас ауданында тойдағы көлікпен қыдыру және қыз алып қашу үшін тапсырыс қабылдайтыны жарияланған.

Онда көрсетілген байланыс нөмірі бойынша NUR.KZ порталының тілшілері хабарласып, қызды қандай жолмен алып қашатынын және ол қызметтің қанша ақша тұратынын сұрап білген.

Белгілі болғандай, көліктің түр-түрін жалға беретін азаматтар шынында жоғарыда аталған қызмет түрімен айналысады екен. Оның бағасы қызды алып қашатын орын мен алып баратын жердің қашықтығына, көліктің маркасына байланысты қымбаттай беретін көрінеді.

Мәселен, болашақ жарыңызды Сарыағаштан Шымкентке "Bentley" көлігімен "ұрлап кеткіңіз" келсе, оның құны 40 мың теңге. Одан бөлек, "Лада"-дан бастап, "Лимузин"-ге дейін жалға алатын көліктің түрі жетерлік.

Айта кету керек, "алып қашуға" тапсырыс қабылдайтын азаматтар қызды өзінің келісімімен ғана алып кетеміз деп отыр. Ал көнбей, қарсылық танытатын аруларды көлікке зорлап салмайды екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
3
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel