Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздығымды сатам: Елімізде өзіне бай-бағлан жігіт іздейтін қыздардың парақшасы ашылды (фото)

Опубликовано:

Елімізде өзіне бай-бағлан азамат іздейтін қыздар мен бірнеше күнге төсектес болатын нәзік жандыларды іздейтін жігіттерге арналған парақша пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:YouTube
Фото:YouTube: UGC

Әлеуметтік желілердің біріндегі парақшаға бүгінде 14 мыңнан аса адам тіркеліп үлгерген.

Аталмыш жерде өзіне VIP-демеуші іздейтін қыздардың ең жасы 18-ге әлі толмаған екен. Олардың бірі ақшадан қиыншылық көрсе, бірі студенттік өмірден жалыққан. Көңіліне желік кірген бойжеткендеріміз қыздығын сатқысы келетінін де жайып салған.

Ал жігіттер қауымы әзірге үйленгісі келмейтіндіктен сенбі-жексенбі күндері өзімен төсектес болатын аруға іздеу жариялапты.

Арасында бірнеше баланың аналары да бар. Олар тұрмыс тауқыметінен шаршап, ер азаматты аңсағандарын жасырмады.

"Жасым 27-де. Мен өзіме сымбатты да қайратты жігіт іздеймін. Өзім қазақпын. Ол жігіттің қалтасы қалың болуы шарт. Жас мөлшері 40-тан аспауы керек", - дейді белгісіз бойжеткен.

Әйелі бар азаматтарға қызығушылық танытатын сұлуларымыз да бар болып шықты. Басты мақсат өміріндегі қиыншылықты жеңіп шығатын, қаражат беріп тұрса болғаны.

"Алматылықпын. Жасым 22-де. Өзіме бойы 180-нен асатын, 35 жасқа дейінгі азамат іздеймін. Қалталы болуы шарт. Маған Алматыдан еврожөндеуден өткен бір бөлмелі пәтер мен ай сайын жұмсайтын бір миллион теңге беріп тұрса болғаны. Мен: сымбаттымын, әдемімін. Бойым – 168, салмағым -52 келі. Үй тірліктерін жасай алмаймын. Тамақ пісіру қолымнан келмейді. Күнде мейрамханадан тамақтанып тұрамыз. Егер ол жігіт кейін мені ұнатып үйленгісі келсе, қарсы емеспін", - деп жазыпты алматылық ару.

Айта кетейік, бұл парақша тек қазақстандықтарға арналған. Бақытын ақшадан іздейтін сұлулар мен төсектес іздейтін сері жігіттердің жас шамасы 18 бен 40 аралығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725789-kyzdygymdy-satam-elimizde-zine-baj-baglan-zigit-izdejtin-kyzdardy-paraksasy-asyldy-foto/

pixel