RU
ОҚО-да қысқа кигені үшін мектеп оқушысын сыныптастары соққыға жыққан (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да қысқа кигені үшін мектеп оқушысын сыныптастары соққыға жыққан (фото)

Рассказать Вконтакте

Сайрамда мектеп оқушылары қысқа киінген сыныптасын ұрып соғып, мүгедек еткен. Туған қызының мектепте көрген қорлығын жайып салған жалғызбасты ана құзырлы орган өкілдерінің жауапсыздығына наразы деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

сайрам

Айтуынша, полицейлер қанша жылдан бері арызын қысқартып, тергеуге қажетті құжаттарды әдейі жоғалтып жіберген көрінеді.

Қарабұлақ ауылындағы №10 мектепке ауысып келген Индираны сыныптастары тепкінің астына алып, өлгенше сабаған. Мапрат Абдуллаева туған перзентінің мектепте көрген қорлығын айтып берді.

"Мұғалім келгенде Индира ес түссіз жатқан. Мұны кім істеді десе, соққыға жыққан жастар білмейміз деп қысқа қайырған. Кейін Индира есін жиып сынып жетекшісіне оқиғаның барлығын айтып береді. Ал мұғалім тепкінің астында қалған оқушыға көмектесудің орнына "бұл жағдайды анаңа айтсаң, өзіңе қиын болады, артыңа адам салып қойғам", - деп, қолынан қысып тұрып қорқытқан"- дейді зәбір көрген қыздың анасы Мапрат Абудаллаева.
Жәбірленуші

Жәбірленуші

Анасына айта алмаған сұмдық жағдайды Индира дәрігерге айтып берген. Психологтан қызының басынан өткен жағдайды естіген ана мектеп басшылығына барып, түсініктеме сұраған.

Алайда, білім ұясы бұл жағдайға Индираның өзінің кәнілі екендігін айтқан. Тіпті қызының өзбек мектебіне сай жүріп-тұруын талап етіпті.

Жалғызбасты ана талай жылдан бері туған перзентін соқықыға жығып, мүгедек еткендерді жауапқа тарта алмай келеді. Ол Сайрам аудандық ІІБ екі рет арызданған. Бірінші арызында тергеушілер іске қажетті құжатты әдейі жоғалтып жіберген көрінеді.

сайрам

Алғашқыда қысқартылған істі аудандық прокуратура бұзып, қайтадан қарауды тергеушілерге ұсынған. Жергілікті құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қазір екінші рет тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, бұл іс бойынша ауданының әкімі Бахтияр Мамаев арнайы комиссия құрып, тексеру жұмыстарын өзі қадағалайтындығын жеткізді.

"Бұл іспен мен таныстым. Қазір арнайы мамандарды шақыртып, істің анық -қанығын тексерудеміз. Егер мектеп әкімшілігіндегі мұғалімдердің салғырттығы анықталса, қатаң шара қолданамын деп өзім уәде беремін", - дейді Сайрам ауданының әкімі Бахтияр Мамаев.

Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы тарату, көшіріп басу және өзге де мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
13
4
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel