RU
Қисалаңдамай тұр: Мүгедек балаға ұрысып тастаған кондуктор жұрттың ашуын келтірді
Жаңалықтар Қоғам

Қисалаңдамай тұр: Мүгедек балаға ұрысып тастаған кондуктор жұрттың ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне Орал қаласының тұрғыны хабарласып, мүгедек баласына ұрысып тастаған кондукторға шағымданды. Айтуынша, автобус қызметкері сал ауруына шалдыққан жасөспірімге орын да тауып бермеген.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Оралдық Алмагүл есімді әйел сал ауруымен туылған 10 жасар баласын алып, таңертең жолға шығады. Алайда олар мінген №2 бағыттағы қоғамдық көлікте адам лық болыпты.

Денсаулығының әлсіздігіне қарамастан, амалсыз түрегеп тұрған жасөспірімге кондуктор келіп, "Қисалаңдамай, жөндеп тұр" деп айқайлаған көрінеді.

"Автобустағы кондуктор балама өте ауыр сөздер айтты. Мен оның сал ауруымен ауыратынын айтқан едім, кешірім де сұраған жоқ. Жолаушылар да орын берейін демейді. Қоғамдық көлікте айқау-шу шыққан соң, бір жасы үлкен ер кісі тұрып, баламды орнына отырғызды", - деп ашынды келіншек.

Алмагүл онсыз да көңілі жарым баласының дөрекі сөз естіп, көңілі түскеніне ашуланғанын айтады. Ол қоғамдық көліктегі қызметркерлерден адамға түсіністікпен қарап, сыпайы қарым-қатынас жасауды өтініп отыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
9
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір