RU

Девальвация емес: Министр доллардың қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов доллардың қымбаттауына қатысты пікір білдірді. Шенеуніктің айтуынша, оған сыртқы жағдайлар әсер еткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Министрдің айтуынша, доллар бағамының қымбаттауы сыртқы жағдайларға тікелей байланысты екен.

«АҚШ-тың Ресей Федерациясына қарсы санкцияларынан кейінгі алғашқы күні осылай болуы заңды құбылыс. Жағдайдың ары қарай не болатынын білу үшін, бізге кем дегенде 2-3 күн күте тұруға тура келеді. Егер рубль құнсызданатын болса, ол сөзсіз бізге де әсер етпек.
Бұл ретте бізге Ұлттық банкпен бірлесе жұмыс жасауға тура келеді. Сондай-ақ, бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен экономикалық саясат бойынша кеңестің отырысы өтеді. Онда да осы мәселе қарастырылмақ»,-деді министр.

Ал, бүгінгі доллар бағамының қымбаттауына қатысты «ол девальвация емес, теңге құнсызданбайды» деп қысқа ғана жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725809-devalvacia-emes-ministr-dollardy-kymbattauyna-katysty-pikir-bildirdi.html