RU

Махаббатта жолы болмаған қостанайлық оқушы өзіне қол салды

Қостанайда мектеп оқушысы өзіне қол салып, қоштасу хатын жазып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірім. Көрнекі фото: Vgorode
Жасөспірім. Көрнекі фото: Vgorode: UGC

Жағдайы жақсы отбасында тәрбиеленген жоғары сынып оқушысы мұғалімдерден ескерту алып көрмеген. 17 жастағы жігіт №1 кешкі мектепте оқыған.

"Қоштасу хатында ол (өзін өлтіруге) махаббатта жолы болмауы себеп болғанын жазған. Оны анасы да растап отыр. Тұрмысы жақсы, толыққанды отбасы. Сабақтан себепсіз қалмаған. Егер келе алмаса, анықтама алып келіп отырған", — дейді қалалық әкімдіктің білім бөлімінде.

Жасөспірім екі айдан кейін 18 жасқа толуы тиіс болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725818-mahabbatta-zoly-bolmagan-kostanajlyk-okusy-zine-kol-saldy.html