RU
Петропавлдық жігіт күйзеліске түскен анасына іздеу салды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлдық жігіт күйзеліске түскен анасына іздеу салды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында 34 жастағы Гүлхұмар Досжанова есімді әйел жоғалып кетті. Ол 9 сәуір күні таксиге отырып, үйіне оралмаған деп хабарлайды NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz

Фото: newtimes.kz

34 жастағы әйелді өзінің ұлы іздестіріп жатыр. Оның айтуынша, дүкенге бармақ болған Гүлмұхар Досжанова, үйден шығып кеткен соң байланысқа шықпаған.

«Ол жергілікті тұрғын емес. Мен өзім Петропавлда тұрамын. Анам Алматы қаласында жоғалып кетті. Таңертен ол дүкенге бармақшы болып, таксиге отырып кетті. Содан бері одан ешқандай хабар жоқ. Туысқандар оны көрмепті», - деп айтты ер бала.

Ұлы анасының із-түзсіз жоғалып кетуіне оның соңғы кездері мазалаған күйзеліс себепкер деп есептейді.

34 жастағы әйелдің туыстары оның жоғалып кеткенін полиция бөліміне хабарлап қойған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір