RU
Атышулы Байзақова ығырын шығарған табынушысын балағаттап тастады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы Байзақова ығырын шығарған табынушысын балағаттап тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Айжан Байзақова өзін көрген жерде айқай салып, камерасын ала жүгіретін фанаттарынан ығыр болған. Тіпті мұндай адамдардан жалыққан бойжеткен оларды балағаттап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Байзақова.

Байзақова.

Бұл жайында блогер Telegram парақшасында жазба қалдырды.

"Алматыда жынданып кетуге болады. Мен өзімді сырттан тілдеп, өсектеген адамдарға үйренгенмін. Бірақ біздің қаланың "мәдениетті" тұрғындары камерасын ұстап, "Эээ Байзақова" деп жүгіргенде оларды "Неге әлі тірі жүр екен" деп ойлаймын", - деді ағынан жарылған бойжеткен.

Сондай-ақ ол өзін видеоға түсіруге тырысқан бір жігітті жариялап қойды.

Байзақова. Фото: Telegram

Байзақова. Фото: Telegram

"Міне, осы жігіт секілділерді түсінбеймін. Менде мұндай табынушылардың мыңы бар. "Сізді видеоға түсірсем болады ма?" деп сұраса болады ғой. Жоқ, оларға сырттан түсірген қызығырақ", - деп жазды Байзақова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
2
4
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel