RU
Өзінен 33 жас үлкен әжейге үйленіп алған жігіт жұрттың мазасын қашырды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өзінен 33 жас үлкен әжейге үйленіп алған жігіт жұрттың мазасын қашырды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Дом-2" реалити-шоуының бұрынғы қатысушысы Гоген Солнцев 70-тегі кейуанаға үйленіп алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы dni.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Гоген Солнцев пен оның қалыңдығы. Фото: Dni.Ru

Гоген Солнцев пен оның қалыңдығы. Фото: Dni.Ru
Source: UGC

37 жастағы азамат аста-төк байлығы бар кейуанамен спектакльде танысқан. 70-тегі Елена оған өзге жобаларын қаржыландыру ұсынысын жасапты.

Гоген бұл ұсынысты қуана қабылдап, есесіне оған үйленуге әзірлігін байқатқан. Ерлі-зайыптылардың некелесу сәтіндегі фотосы желіні шарлап кетті.

Содан кейін Доминиканға бал айына аттанған "жас жұбайлар" жұрттың мазасын қашырған көрінеді.

Олармен бір қонақүйде болған туристер түні бойы ұйқы жоқтығын айтып, шағымданды.

"Біздің бөлмеміз олармен бір қабатта орналасқан. Мен олардан түнде төсек ләззатына тынышырақ бөленуін сұрап едім, балағат сөздер жаудырды. Басында оларды немересі мен әжесі деп ойлаған едік. Алайда көптің көзінше бір-бірін сүюге кіріскенде, бәрі белгілі болды... Біз ресепшенге шағым түсіруге мәжбүр болдық", - дейді туристердің бірі Dni.Ru сайтына.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
15
1
2
0
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel