RU
Қытайлықтар о дүниеде адамдарды не күтіп тұратынын көрсетті (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қытайлықтар о дүниеде адамдарды не күтіп тұратынын көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы қорымдардың бірінде VR технологиялары арқылы о дүниеге "барып қайту" мүмкіндігі туды. Технология адамдарға өмірдің қадірін түсініп, оған ой салуға итермелейді деп хабарлайды eg.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Мұндай мүмкіндікті қытайлықтар Пекиндегі Бабаошань зират кешенінде пайдалана алады. VR технологиясы арқылы адамдар алдымен адамды жер қойнына тапсырар алдындағы рәсімдермен танысса, кейін, "о дүниеге" сапар шегеді екен.

Олар озық технологияның көмегімен адамдарды өзге өмірде не күтіп тұрғанын біледі. Мәселен, жан тапсырғаннан кейін, олардың алдына кішкене қызыл шоқтар пайда болса, кейін, қатты жарылыс болады. Содан кейін, адам бірден басқа әлемге кете барады. Онда ол ақ бұлттар мен белгісіз қақпаны көреді. Сосын адамның көз алдынан өміріндегі маңызды әрі естен кетпес сәттері өтетін көрінеді.

Аспан асты елінің тұрғындары аталған «жаңашылдыққа» оң баға беріп отыр. Айтуларынша, мұндай технологиялар көпшілікке үлкен ой салып, өмірдің қадірін түсінуге сеп болады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
14
5
3
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel