RU
Арбаға таңылған қыздармен ән шырқаған Ернар Айдар көпшіліктің ықыласына бөленді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Арбаға таңылған қыздармен ән шырқаған Ернар Айдар көпшіліктің ықыласына бөленді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ернар Айдар танымал әнін арбаға таңылған қос қызбен орындап, елдің ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ернар Айдар. Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ

Ернар Айдар. Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жариялады. Сондай-ақ әншімен бірге ән орындаған Алтыншаш пен Айкүміс есімді қыздар да бұл жаңалықты желіде бөлісті.

Қос бойжеткеннің бірі Мұрадова Айкүміс: "Өз басым сіздің қарапайымдылығыңызға риза болдым. Шыны керек, ән айтып болған соң сізді ұстай алмай қаламын-ау деп ойлаған едім. Жоқ, қайта өзіңіз сахнадан шығарып салып, суретке де арнайы түсірткіздіңіз. Сіздей қарапайымдылығын жоғалтпаған жарық жұлдызбен бір сахнада өнер көрсетуді бұйырған жаратқанға мың алғыс", - деп жазып қойды.

Ал әншінің бұл ісіне разы болған желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырды.

Оқырмандар "Алла разы болсын", "Керемет. Сізге риза болдым", "Өнеріңіз өрлей берсін" деп жарыса жазды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
3
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel