RU
Павлодар тұрғыны өзінің алты жасар қызын зорлап келген
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар тұрғыны өзінің алты жасар қызын зорлап келген

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы Павлодар қаласының тұрғыны күйеуін алты жасар қызын жыныстық қатынасқа итермеледі деген айыппен сотқа берген болатын. Алайда, күдікті деп танылған ер адамға қатысты іс тоғыз айдан кейін жабылып қалған деп хабарлайды bnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz
Source: UGC

Павлодарлық әйел күйеуімен азаматтық некеде 17 жыл бойы өмір сүрген. Олардың үш қызы, зәулім үйі мен ортақ бизнесі де болды.

Алайда былтыр бұл жанұяның шырқы бұзылды. Отбасының ойрандауына отағасының кішкентай қызын жыныстық қатынасқа итермелеуі болған.

Ер адам өзінің алты жасар қызына 2 жыл бойына ерсі қылықтарын көрсетіп келді. Әкесінің іс-әрекеттерін кішкентай Карина анасына өткен жылдың 7 шілдесінде айтып берген. Естіген нәрсеге сене алмаған әйел күйеуімен ашық сөйлесіп, қызының айтқаны рас екеніне көзі жетті.

Ер адам өзінің сорақы қылығын "ішіме жын кіріп кеткендей" болды деп түсіндірген.

Күйеуімен арадағы әңгімені әйел диктофонға жазып алып, бірден полиция бөліміне арыз жазуға барған. Алайда, тәртіп сақшылары экспертиза нәтижесінің жоқтығына сілтеп, ер адамды тұтқындаудан бас тартты.

Ал жақын арада отағасына қатысты қылмыстық істің тіптен жабылып қалған анықталды.

Мұндай түсініксіз әрекеттерді үш баланың анасы бұрынғы күйеуінің кезінде құқық қорғау органдарында қызмет етуімен тікелей байланысы бар есептейді.

Павлодар облысының ІІД-нің мәлімдеуінше, өткен жылы Қылмыстық кодекстің 124 бабы бойынша басталған тергеу жұмыстары бүгінгі күні тоқтап қалған. Оған ер адамның кінәсін растайтын дәлелдердің тапшылығы және тағылған айыптаулардың негізсіздігі себеп дейді департамент өкілдері.

Павлодарлық әйел ендігі кезекте прокуратураға жүгінбекші.

Сіздің реакцияңыз
0
9
4
1
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel