RU
Эксклюзивті порноға тапсырыс берген ханзаданың былығы ашылды
Жаңалықтар Әлемде

Эксклюзивті порноға тапсырыс берген ханзаданың былығы ашылды

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясындағы патша отбасының мүшесі Сауд әл Фейсал арнайы порнофильмдер түсіретін француз компаниясына тапсырыс беріп, оның ақысын бермей қойған. Ханзада өзі тапсырыс берген түсірілім үшін шамамен 90 мың еуро төлеуі қажет деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

40 жыл бойына Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Сауд әл Фейсал 2015 жылы дүниеден озған.

Шенеуіктің SARL Atyla атты ересектерге арналған фильмдерді түсіретін компанияға тапсырыс беріп, ақысын төлемей кеткені енді әшкере болып отыр.

Ханзада талғамына орай түсірілген киноның сценарийіне сәйкес, видеода марроккалық хас сұлу саудиялық ханзадамен көңіл көтеріп жатқаны көрініс тапқан. Айта кетейік, ханзада рөлін арнайы актер сомдады.

Компания бейнежазбаларды әлі сотқа табыстаған жоқ. Алайда талаптар орындалмаған жағдайда жазба бірден сот өкілдерінің қолына өтетінін айтты.

SARL Atyla өкілдері ханзаданың жазған электронды хаттарын көпшілік назарына ұсынған. Онда ол фильмнің сценариіне қатысты өз пікірі мен өзгертулерін жазған.

Тапсырыс беруші тікелей аталмағанымен де, шағымданушылар оның Сауд әл Фейсал екеніне нық сенімді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
2
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel