RU

Сарыағаш тұрғыны қонаққа келген жігітті жер жастандырды

Ручная стирка
Как отстирать зеленку с одежды: YouTube/Bad Channel

ОҚО-ның Сарыағаш ауданында тағы бір қанды оқиға тіркелді. Қонаққа барған жиырма жеті жастағы жігітті досының ағасы атып өлтірген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылында болған. Тоғызыншы сәуір күні танысының үйіне келген жас жігіт досымен арадағы дауды өзара шешпек болады. Бірақ азаматтар сөзге келісе алмаса керек, қонақ жігітті досының ағасы суық қарумен атып өлтірген.

Бейресми мәліметтер бойынша, марқұм жігіт пен күдікті таныс болған бір ауылдың тұрғындары.

Ал танысына оқ атқан жігіт оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полицейлер күдіктіге іздеу жариялаған.

"09.04.2018 жылы Сарыағаш АІІБ орталық ауруханадан хабар түсті. Хабарламада ауруханаға оқ тиген жас жігіттің денесі жеткізілені туралы айтылған. Оқиға болған жерде полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, кеше Сарыағашта ерегісіп қалған көрші ауылдың жігіттері бір-біріне оқ жаудырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725886-saryagas-trgyny-konakka-kelgen-zigitti-zer-zastandyrdy.html