Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

34 жастағы ер адам әлемдегі ең ащы бұрышты жеймін деп өлім аузынан қалды

Опубликовано:

Америкада ащы бұрыш жеуден ұйымдастырылған жарыстың қатысушысы дереу ауруханаға жеткізілген. Ол күшейе берген бас ауруынан қатты қиналғанын айтты деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: khoahoc.tv
Фото: khoahoc.tv: UGC

Оқиға Нью-Йорк қаласында орын алған. 34 жастағы ер адам бұрыш жеу жарысына қатысып, бірер күннен соң оны шыдатпаған бас ауруы қатты мазалады. Ер адам ауруханаға жеткізілген кезде оның томографиясы миындағы тамырларының жіңішкеріп қалғанын анықтаған.

34 жастағы азамат жарыс барысында "Каролинский жнец" атты ащы бұрышын жегенін айтты. Бұрыштың бұл түрі Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең ащысы деп енгізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамда қайтымды церебалды тамыр тарылтқыш синдром пайда болған. Ол инсульт, ұстама тіпті өлімге де әкеп соғуы әбден мүмкін. Алайда, бұл синдромның ащы тағам жеуден пайда болу жағдайы өте сирек кездеседі деп айтты мамандар.

"Каролинский жнец" бұрышының ащылығы соншалық, оны тек қана қолғап киіп жеуге болады. Оның күйдіргіштік қасиеті Сковилл көрсеткіші бойынша 1,15 миллион және 2,2 миллион арасындағы мөлшерді құрайды. Бұл көрсеткіш қарапайым халапеньо бұрышынан 400 есе көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725892-34-zastagy-er-adam-lemdegi-e-asy-brysty-zejmin-dep-lim-auzynan-kaldy/

pixel