RU
Қостанайлық полицейлер жетім қыздарды секс-құлдықтан құтқарды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайлық полицейлер жетім қыздарды секс-құлдықтан құтқарды

Рассказать Вконтакте

Қостанайда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: intex-press.by

Көрнекі фото: intex-press.by

Қостанай облысы ішкі істер департаменті 24 пен 31 жас аралығындағы алты күдікті ұсталды, арасында екі қыз бар.

"Күдіктілер таныстары арқылы қыздардың ақша және баспанаға мұқтаж екенін біліп, олармен танысып, пәтерге шақырған. Сол жерде бірге ішімдік ішіп, артынша қоқан-лоққы жасау арқылы жезөкшелікпен айналысуға көндіріпті", — деп мәлімет берді полиция.

Қылмыскерлер жәбірленушілердің құжатын тартып алып, жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Қыздардың бәрі кедей отбасыдан шыққан, ал үшеуі жетім қыздар.

Барлығы 18 және 32 жас аралығындағы 12 қыз қылмыскерлердің арбауына түсіпті.

Полиция қылмыстық топтың қатысушыларын түгелдей қамауға алды. Енді оларға қатысты қылмыстық іс қозғайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
4
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір