Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ота кезінде қате жіберген медбике 28 жастағы әйелдің өмірін қыршынан қиды

Опубликовано:

Ресейдегі Ульяновск қаласында 28 жастағы әйелге жасалған жоспарлы операция кезінде медбике үлкен ағаттыққа жол берген. Ол физраствордың орнына формалинді шатастырып алды. Медицина қызметкерінің қателігі кесірінен ресейлік азаматша көз жұмған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

28 жастағы Екатерина Федяеваға денесіндегі ісікті жою үшін жоспарлы операция белгіленген. Сәтті өтіп жатқан ота кезінде медбике шатасып формалин екпесін салып жібереді. Оның қателігін аңғарған мамандар бірден әйелдің кеуде қуысын тазалап шығып, қолына смекта мен ауруды басатын екпені ұстатып үйіне жібере салған.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Үйінде өзін өте нашар сезінген Екатеринаны ертесіне облыстық ауруханаға жеткізгенде, оның өмірін сақтап қалуға Ульяновск облысының қауқары жетпейтіні мәлім болады.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Туыстарының көмегімен Мәскеуге жеткізілген әйелдің жағдайы тіптен ушығып кеткен. Мәскеулік кәсіби дәрігерлер оның өмірі үшін екі апта бойы күресті. Алайда, өкінішке орай 5 сәуір күні Екатерина Федяева 28 жасында өмірден өтті.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Ресейлік азаматшаның туыстары медбике қателігі Екатерина өміріне балта шапты деп есептейді.

Айта кетейік, қайғылы жағдайдан кейін Ульяновск ауруханасында алты медицина қызметкері мен бас дәрігер жұмыстан қуылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725904-ota-kezinde-kate-zibergen-medbike-28-zastagy-jeldi-mirin-kyrsynan-kidy/

pixel