RU
ОҚО-да дау-дамаймен жұмыстан кеткен әкім өз орнына қайта жайғасты
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да дау-дамаймен жұмыстан кеткен әкім өз орнына қайта жайғасты

Рассказать Вконтакте

ОҚО, Мақтарал ауданындағы Сейфуллин ауылында орын алған тұрғындардың жаппай төбелесінен соң қызметінен кеткен аудан басшысы Жамантай Бейсенбаев бұрынғы лауазымына қайта тағайындалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Мақтарал

Фото: ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қайта қызметке тағайындалған әкімді облыс басшысы Жансейіт Түймебаев аудан активіне таныстырды.

Жамантай Бейсенбаев 1958 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономынан бастаған.

2011 жылдың шілде айынан бастап Мақтарал ауданы Жетісай қаласының әкімі болды. Ал 2015 жылдың маусымында Мақтарал ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Араға бір жыл салып, яғни, 2016 жылдың тамыз айында аталған аудандағы Сейфуллин ауылында орын алған жаппай төбелестен соң Бейсенбаев мырза қызметінен кетті.

Бұл қақтығыстың орын алуына жергілікті тұрғынның кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болған әрекеті себеп болған еді.

Айта кетерлігі, 2016 жылы NUR.KZ порталы құлаудың шақ алдында тұрған мәдениет үйін он алты жылдан бері паналап келген мақтаралдық жесір әйелдің жанайқайын жазған болатын.

Сол кездегі аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев мұңын шаққан әйелдің үш күннің ішінде жаңа баспанаға қол жеткізуіне себепші болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
1
6
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір