RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

Рассказать Вконтакте

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Тіпті бірталай өңірде қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласады деп күтілуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр. Көрнекі фото: Artleo.com

Жаңбыр. Көрнекі фото: Artleo.com

Еліміздің батысында ғана күн ашық болады деп күтілуде. Ал Астанада алдағы үш тәулікте жел екпіні күшейіп, жауын-шашын мол түседі.

"Республикамыздың солтүстік аймақтарынан циклон әсер етуде және сол циклонмен байланысты атмосфералық фронттар шығыс бағытымен жылжуына байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады. Тұман, көктайғақ болады. Ал батыс аймақтарға келер болсақ бұл жаққа Ресейдің еуропалық аумағынан антициклон кірді", - дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel