RU
Кісі өлтірген соң Алматыға қашып кеткен жігіт ақыры ұсталып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Кісі өлтірген соң Алматыға қашып кеткен жігіт ақыры ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да 21 жастағы жігітті пышақтап, Алматыға бой тасалап кеткен азамат 11 жылға сотталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

шымкет

Көрнекі сурет: /kstnews.kz

Оқиға өткен жылдың қараша айының соңында Ордабасы ауданында орын алды. Жергілікті тұрғынның қолынан пышақ жарақатын алған азамат ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Бұл қанды оқиғаға қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғады. Белгілі болғандай, бір топ азамат жанжалдасып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Жас жігіттің өліміне кінәлі ретінде 1995 жылғы жергілікті тұрғын күдікке ілікті.

Жас жігітті пышақтап өлтірген азамат оқиға орнынан қашып бара жатып, суық қаруды жол бойына лақтырып кеткен.

«Ордабасы АІІБ-нің жедел ізкесушілермен күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Туысқандары оның Мақтарал ауданына қашып кеткенін айтқан. Алайда күдікті Алматы қаласына қашып кетіп, ақшасы таусылған соң Ордабасы ауданына қайтып келгенде 2017 жылдың 1 желтоқсанында тәртіп сақшылары оны ұстады.
Полиция қызметкерлері атқарған жұмыстардың нәтижесінде күдікті азамат өзінің жасаған қылмысын толық мойындады. Оған дәлел ретінде қылмыс болған оқиға тойханалардың бірінде орналасқан бейнекамераға түсіп қалғаны анықталды»,-делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ордабасы аудандық соты кісі өліміне қатысты күдіктіге үкім шығарды. 1995 жылы дүниеге келген жігіт адам өлтіргені үшін жазасын 11 жыл 3 ай бойы қатаң режимде өтейтін болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір