RU
Әміре Қашаубаевтың тағдыры мен ел білмеген құпиялары
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әміре Қашаубаевтың тағдыры мен ел білмеген құпиялары

Рассказать Вконтакте

Қазақ халқының дүлділ әншісі Әміре алғашқылардың бірі болып Еуропа халқын өзінің қайталанбас ерекше дауысымен таңдай қақтырды. Қазақ әндерін орындап тыңдарман ықыласына бөленген Әміренің танымалдылығы бірден арта түсті. Алайда, бұл жетістігі әнші өмірінің қиындауына да тікелей себепші болған деп хабарлайды Хабар агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Youtube.com

Фото: Youtube.com

Париж бен Франкфурт қалаларының төрінен ән шырқап, қазақ халқын күллі әлемге танытқан Әміре Қашаубаевтың тағдыры аса ауыр әрі көптеген түсініксіз жайттарға толы болды.

Қазақ дүлділі 1888 жылы Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абыралы ауданындағы Дегелең тауының алабында дүниеге келген. Әміре кедей шаруа жанұясында өсті. Оның әкесі Қашаубай үй-ішін әрең дегенде асырап отырған. Уақыт өте келе тіптен қара жұмыс істей алмай қалды.

Бұл жағдай кішкентай Әміренің мойнына үлкен жауапкершілікті жүктеп, оны Исабек байдың ат айдаушысы болып қызмет етуге итермелейді. Ол бала күнінен ән айтуды жақсы көретін. Өлеңді жалғыз сырласым деп санады. Мал бағып жүріп бар даусымен ән шырқап ел назарына ілікті.

Уақыт өте келе баланың даусына тәнті болған халық бірде-бір ойын-сауығын Әміресіз өткізбейтін болған. Оның аты бүкіл Семейге танымал бола бастады. Өзінің ат айдаушысының жетістігін көре алмаған бай, оны жұрт назарынан шеттету мақсатында тері күзету қызметіне ауыстырады. Бірақ Исабектің бұл айласы да іске аспай қалды.

Фото: Youtube.com

Фото: Youtube.com

Әміренің жүректен шығып шырқалатын әндері оны үнемі алға жетелейтін. Исабек бай қол астындағы жұмысты тастап, онымен есеп айырысқанна кейін жас жігіт Қояндыға жол тартады. Бұл Қашаубайдың баласы үшін игі сапар болды. Өйткені осы жерде ол өзі үлгі тұтып көруді арман еткен аға әнші Жаяу Мұсаны кездестіреді.

Ұлы тұлғалардан таусылмас шабыт алған жас талапкер енді қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде айтты. Қандай жолмен болса да Әміре бұдан былай өзін бүтіндей ән өнеріне бағыштауға бел байлаған. Аға әншілерден жаңа ән үйреніп, біраз репертуарын байытып қана қоймай, өзінің стилінде шырқауға тырысты.
Фото: Youtube.com

Фото: Youtube.com

Қойын-қолтығын әнге толтырып Семейге қайтып келген Әміре енді бұрынғы жәмшік, күзетші емес, жақсылардың қасында болған тәжірибелі Әміре болып шыға келді. Оның ерекше даусы төңкеріс кезінде қазақ жерін тебірентіп, ел жадында бұрын-соңды болмаған әсер қалдырды.

Оның дауыс қуаттылығының да өз құпиясы болған. Ол бір нотаны ән соңына дейін ұстап тұра алу қабілетіне ие болды. Оған әншінің өкпесінде пайда болған патология себепші болса керек. Белгілі болғандай қазақ дүлділінің өкпесіндегі ерекше қап өзіне қосымша ауа толтырып, Әміре ән салғанда екінші дем беріп тұрған.

Семейдің ән базарының көшін бастап тұрған "жаман Қашаубай баласының" дауысы сонау Мәскеуге дейін жеткен. РКФСР Халық Ағарту Комиссары-Луначарскийден Семейдің губерниялық бөліміне келіп түскен телеграмма бұған дәлел болса керек.
Комиссар өзінің хатында Әмірені Парижде өтетін байқауға қатысу туралы ұсыныс білдірген. Телеграммаға үн қатпаған губерниялық бөлімге Комиссар екінші мәрте хат жолдап Әміренің оң жауабын алды.
Фото: Youtube.com

Фото: Youtube.com

Осылайша Әміре Қашаубаевтың әншілік мансабы көкке ұшқан кезеңі басталды. Француз жұртын таңғалдырғаны соншалық, ертесіне бірегей «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» сияқты беделді басылымдар қазақ әншісі туралы ақпараттар легін жаудырды. Әміренің шығармашылығы Мұстафа Шоқайдың да ерекше ықыласына ие болған.

Дәл осы қазақ қоғам қайраткерімен өткен кездесуден кейін Әміренің қыр-соңына түсіп аңду шаралары басталған. Ол ел қалаулысынан халық жауына айналып шыға келді. Үкімет тарапынан жас әншіге қатысты үздіксіз қысым кенеттен төніп тұрды.

Тіпті оның шығармашылығына да шектеу қойылып, басты рөлдер былай тұрсын эпизодтық образдарды да өте сирек сомдайтын болған.

Фото: express-k.kz

Фото: express-k.kz

Әміре Қашаубаевтың өмірі құпияларға толы болды. Оның жансыз денесі 1934 жылғы қарашаның 5-нен 6-сына қараған түнде Алматы көше­лерінің бірінде табылғанымен, бұл өлімге қатысы бар адамдар әлі күнге белгісіз.

Өнер саласының өкілдері ресми түрде өкпе ауруынан қайтыс болды деген тұжырымның шындыққа жанаспайтынына сенімді. Олардың айтуынша, өмірі өлең айтып жүрген зор дауысты әншілер өкпе ауруына шалдығуы мүмкін емес.

Оның үстіне тағы келіспейтін бір жайт, қайтыс болған күнінің ертесіне Әміре өзінің ірі рөлін Төлеген образын сомдауы керек болған. Неше күн бойы дайындалып жүрген сау адамның аяқ асты өкпе ауруына шалдығуында бір шикілік бар дейді өнер иелері.

"Біреу оның басты рөл сомдауына қарсы болғандай", - дейді зерттеушілер.

Сондай ақ, Әміре Париж бен Майндағы Франкфурттен басқа Страсбург қаласында, Ресейдің Иркутск, Әзербайжанның Баку қаласында сапарда болып, ән айтты деген құжаттар табылып отыр. Олардың қазір шығып жатқаны, кезінде құпия ретінде болғанын растаса керек.

Әміренің «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», «Балқадиша», «Дударай», "Бес қарагер", «Көк көбелек» сияқты әндері бүгінгі күнге дейін әлі шырқалып жатыр. Алайда, дәл Әміренің өзіндей ешкім орындай алмасы анық.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Айта кетейік, жақында қазақ халқының біртуар әншісі жайлы биографиялық фильм көрермендер назарына ұсынылды. Кинодағы басты рөлді Әміре образы Санжар Мәди сомдаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel