RU
Теңге мен рубльдің құлдырауынан тауарлар күрт қымбаттауы мүмкін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Теңге мен рубльдің құлдырауынан тауарлар күрт қымбаттауы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Ресейлік олигархтардың компанияларының акциясы құлдырап, рубль бағамы бір күннің ішінде 4,3 пайызға дейін құнын жоғалтқан. Бұл жағдай еліміздегі тауарлар бағасының күрт қымбаттауына әсер етуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Тауар. Көрнекі фото: Hyser

Тауар. Көрнекі фото: Hyser

Сарапшылардың айтуынша, Ресейдің қаржы секторы соңғы төрт жылда мұндай ауыр соққыны бастан өткеріп көрмеген.

Ақ үйдің Ресейге салған санкияның кері әсері елімізде бүгіннің өзінде сезіле бастады. Рубльдің ізімен теңге бағамы да сан құбылып, ақыры 14 теңгеге құнсызданды.

Ең сорақысы, алдағы күндері Ресейден келетін тауарлардың құны шарықтауы мүмкін дейді экономистер.

"Шындығын айтқанда мұның салдарын кеңінен болжау өте қиын. Біз Ресеймен Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде өте тығыз қарым қатынас орнатқан әріптестің біріміз. Сондықтан, рубль құнсызданса теңгенің де әлсіреуін байқай аламыз.

Әрине, Ұлттық банктің жеткілікті қоры бар. Бірақ, еркін айналымдағы нарық заңдылығынан қашып құтыла алмайсың. Сондай-ақ, біз көп тауарды Ресейден импорттаймыз. Рубль құнсызданса, сол тауарлардың бағасы шарықтап шыға келуі ғажап емес", - дейді экономист Әкімжан Арупов.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
4
2
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір