RU
Алматыда үлкен айналма жолмен жүру ақылы болады
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда үлкен айналма жолмен жүру ақылы болады

Рассказать Вконтакте

Алматыда үлкен айналма жолдың құны жеңіл көліктер үшін 200 теңге, ал жүк көліктеріне 280 теңге болады деп хабарлайды КТК арнасы.

Жол. Көрнекі фото: Автодор

Жол. Көрнекі фото: Автодор

Ұзындығы 66 шақырым болатын айналма жолды екі түрік пен бір кәріс компаниясы төрт жарым жылда салып бітіруі керек. Аталмыш жобаның құны 500 миллиард теңгеден асып жығылады.

Жол Алматының солтүстік аймағын түгел айналып өтіп, Талдықорған, Астана, Бішкек Түрген, Нарынқол және Ұзынағашқа қарай шығатын күре жолдардың арасын жалғайды.

Жоба 2009 жылы қолға алынып, кейін уақытша тоқтатылған еді. Бұл жол қаладағы көліктер санын 60 мыңға дейін азайтады деп күтілуде.

"Бүгінгі таңда концорциум дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Биыл мамыр айында құрылыс жұмыстары басталады. 2020 жылы құрылыс аяқталып, жолды ақылы негізде пайдалану басталады", - дейді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel