RU
Салмағы небары 25 келі атыраулық келіншек еміне қаржы таппай қиналуда (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Салмағы небары 25 келі атыраулық келіншек еміне қаржы таппай қиналуда (фото)

Рассказать Вконтакте

Атыраудың Құрманғазы ауданындағы Орлы ауылының 29 жастағы тұрғын Зухра Ахметоваға көмек қажет. Ресейдің Астрахан қаласында 20 күн ем-дом алған келіншек ары қарай қаражаты жетпегендіктен, емі бітпесе де үйіне қайтып келген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зухра Ахметова. Скриншот КТК арнасы

Зухра Ахметова. Скриншот КТК арнасы

Зухра Ахметоваға дәрігерлер "миеломдық ауру" немесе қан жүйесінің бұзылуы деген диагноз қойған.

Өздігінен жүріп-тұра алмайтын әйелдің қазіргі салмағы небары 25 келі. Яғни анорексияға да шалдыққан. Қазір үйде жатып, емді жалғастырғанымен, ол нәтиже берер емес.

Ал Астрахандағы медицина орталықтарының бірінде жатып, салмақ қосып, отаға дайындық жасау үшін күніне 50 000 теңге шамасында ақы төлеуі тиіс. Бұдан бөлек, мәскеулік дәрігерлер ота жасау үшін 12 миллион теңге қажеттігін айтқан. Бірақ оған мүмкіндік жоқ. Оның үстіне отбасын асырап отырған жұбайы да жұмыстан қысқартуға ұшырапты.

Зухра Ахметова. Скриншот КТК арнасы

Зухра Ахметова. Скриншот КТК арнасы

Қиын жағдайда қалған жанұяның ендігі бар үміті – қайырымды жандарда.

Айта кетейік, 2015 жылы Зухра Ахметованың бетіне ісік шығыпты. Сол кезде үшінші баласына аяғы ауыр келіншек дәрігерлерге көрінгенде, олар жүктілікті тоқтату керектігін айтқан. Бірақ бұған келіспеген Зухра дені сау сәбиді дүниеге әкелгенімен, өзінің денсаулығы күрт нашарлап кетті. Тіпті босанғанан кейін аяғында да ісік пайда болған.

Зухра Ахметова қол ұшын созам деген жандар үшін байланыс телефоны: +7 778 120 10 89

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
21
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel