RU
Өткір жазбаларымен желіні шулатқан имам қызметінен кетті
Жаңалықтар Әлемде

Өткір жазбаларымен желіні шулатқан имам қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Ташкенттегі "Тинчлик" ("Бейбітшілік") мешітінің имам-хатибы болған, әлеуметтік желілерде шулы жазбаларымен танымал Шермурод Тогай қызметінен алынды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шермурод Тогай. Фото: centralasian.org

Шермурод Тогай. Фото: centralasian.org
Source: UGC

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы (ӨМДБ) қызметкерінің сөзінше, Шермурод Тогай әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін қызметінен алынған. Себебі оның жазбалары өзінің ортасындағы жамағатты екіге бөлуге себеп болған.

Аты-жөнін жасырған діни басқарманың қызметкері әділет министрлігі заңның орындалуын қадағалау басқармасының төрағасы Худоёр Мелиевтің ескертпесінен кейін, бас мүфти Усманхан Алимов Шермурод Тогайды қызметінен алу жөнінде шешім шығарған.

Наурыз айында имам Шермурод Тогай Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасында жемқорлық жайлаған деп мәлімдесе, 2 наурызда жұма намаз кезіндегі уағызда ол Өзбекстан үкіметі жанындағы дін істері комитеті қызметін сынға алып, имамдарды мешіттерде "Сәлафизм" ағымы бойынша уағыз айтуға мәжбүрлеп жатыр деген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel