Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұндай сорақылықты көрмеппін: Еліміздегі танымал бағдарлама сынға қалды

Опубликовано:

Еліміздегі "Бақытты әйел" бағдарламасын жобада бұрын қызмет еткен редактор сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақытты әйел. Фото:365info Коллаж: NUR.KZ
Бақытты әйел. Фото:365info Коллаж: NUR.KZ: UGC

Бұл жайында бағдарламада редактор болып жұмыс істеген журналист Гүлжанат Пірімбетова Instagram парақшасында жариялады.

"Осы студия мен арқасындағы бет əрлеу бөлмесі, жоғарыдағы режиссер бастаған топ отыратын мониторға толы кабинет мына менің көзімді "ашты". Эфирде əдемі, əдепті, сұлу, бақытты, білімді, тартымды, құдай-ау инабатты, адам баласын сүйетін жандарды көрсеттік. Ол кісілер әлі де сол рөлдерінде. Негізінде, сол маскалардың астында жоғарыда айтылған мақтаудың керісі, тіпті жиіркенішті сөздермен суреттеуге лайықтылары бар. Өте өкінішті. Осыған дейін де телеарналарда талай жұмыс істедім. Мынадай сорақылықты көрмеппін", - деп жазады журналист.

"Сол эфирді тамашалайтын қарапайым сенгіш халықты аяп отырмын. Уақыты мен санасын өз қолымен "ұрыларға" ұстатқан аңқау халыққа жаным ашып отыр. Өзге мемлекетке тарайтын жалғыз арнада не көрсетіліп жатқаны ешкімді алаңдатпайтын сияқты. Қазақша білмейтін, білсе де шала, жүйелі ойлай алмайтын, құлағына айтылған сұрақты дұрыс жеткізе алмайтын жүргізушіге кемшілігін айтып, түзелуді ұсынсаң соңында өзің кінəлі болып қаласың. Тамыр- танысты қосқан істі де таза, ұятпен істеуге болатын шығар? Ереже мен тәртіп бойынша тек мақтау керек екен.

Себебі, жоба жетекшісі де жүргізуші. Эфирде сенсіреп, тұтығып жарты сөзін жеп қоятын, пысылдап отырған жүргізушіге "мұның ұят" десе тағы айтқан адам кінәлі. Жауап: "есесіне мен табиғимын".

"Режиссер Болат Атабаев бір жағдайға орай студентінің осындай жауабына "Табиғилық сəн болса мәдениет қайда қалады? Онда бəріміз бір - бірімізге қарап отырып, үлкен дəрет сындырайық. Ол негізгі табиғи жағдай" деп", - дегенді ашына айтып берді журналист.

Сондай-ақ ол әріптерді анық айта алмаса да, эфир жүргізіп жүргендердің теріс қылығына налыды.

"Əріп айта алмау кемшілік емес дегенге қарапайым халық тұрмақ, үлкен арна басшылары да сеніп қалған сыңайлы. Өзін "жұлдыз" сезінетін жүргізуші келген жас қонақ қызды эфирден кейін жылатып, аузына келгенді оттап шығарып салғанын көргенде көзім тұрмақ аузым ашылды".

"Күлкілісі, жеке парақшасына сол түні сабырлы болу, біреуді жылату былай тұрсын ауыр сөз айтпау туралы бес бет ақыл жазып қойыпты. Шіркін, өзі қолданса ғой деп қалдым. Адамдардың желідегі, эфирдегі өмірі ақиқатында мүлдем өзге екенін ұмытпаңыз. Сыйлап жүрген адамның осындай пендешілігін көргенде аздап сасып қалады екенсің", - деп сөзін қорытындылады журналист.

Айта кетейік, "Бақытты әйел" Қазақстан арнасының басты бағдарламаларының бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1725967-mndaj-sorakylykty-krmeppin-elimizdegi-tanymal-bagdarlama-synga-kaldy/

pixel