RU
Танымал алматылық миллионер бір көзінен айырылып қала жаздады
Жаңалықтар Қоғам

Танымал алматылық миллионер бір көзінен айырылып қала жаздады

Рассказать Вконтакте

Танымал қалталы кәсіпкер Қайрат Құдайберген Facebook парақшасында бір көзінен айырылуға шақ қалғанын жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Құдайберген. Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

Қайрат Құдайберген. Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

Алматылық олигарх қалалық емхананың жұмысына көңілі толмағанын алға тартуда.

Досымен сквош ойнап жатқан сәтінде оң көзіне резеңке доп тиіп, көзі көрмей қалған бизнесмен бірден қалалық емханаға жүгінеді. Алайда кезекші офтальмологтың қабылдауы оның көңілін қалдырыпты.

"Кезекші дәрігерде нормативтерге сай болуы тиіс керекті дәрілер болмай шықты. Біз дәрілерді сатып алдық.

Укол салуға барғанда процедуралық бөлме адамдарға лық толы болды. Екі егде жастағы медбике жас медбикеге мені алып келгені үшін ұрыса бастады. Неге өз жағыңда укол салмай, бізге сүйреп әкелдің деп ұрысуға кірісті. Оларды менің бәрін естіп тұрғаным да еш ұялтпады", - дейді кәсіпкер.

Бизнесмен окулистің кабинетінде ақыры екі укол салдырған - біреуін көзіне және біреуін бұлшықетіне.

"Кезекті УДЗ, рентген жоқ. Шұғыл жағдайда және ауыр жарақат алғанда көзіңізден айырылып қалуыңыз да ғажап емес", - дейді Құдайберген.

Ол көзінің дәрігерге қаралғаннан кейін де сол беті дұрыс көрмегенін айтуда. Нәтижесінде жеке клинкаға жүгінген азамат толық тексерістен кейін жарақатының ауыр екенін түсінген.

Кәсіпкерге емдік процедураларды жасатуға, оның ішінде көз жанарында ұйыған қанды шаюға тура келіпті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
3
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір