RU
Данияр Елеусіновтің ағасы қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Елеусіновтің ағасы қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

Рассказать Вконтакте

Қазақ боксшысы Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді жетті, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ©:fightprom.com

Фото: ©:fightprom.com

Индианаполис (АҚШ, Индиана штаты) қаласында өткен кездесуде Елеусінов бірінші раундтың аяғында америкалық Луис Хминесті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

6 сәуір күні өткен жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын.

Бұл 31 жастағы Елеусінов үшін кәсіпқой бокстағы алтыншы (бес нокаут) жеңісі еді. Ал 30 жастағы Хименес болса 23 рет жеңіліп отыр. Ол бар болғаны төрт кездесуде жеңіске жетсе, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен.

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы. Өз кезегінде Данияр кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласында өткізеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel