Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киелі Түркістанда тұрған түсініксіз мүсіндер қонақтардың ашуына тиді (фото)

Опубликовано:

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдаған оқырман киелі Түркістан жеріндегі түсініксіз мүсіндерге шүйлікті. Елімізді шетелдік қонақтарға таныстыратын туристік аймақта мағыналы дүниелер тұру керек дейді ол.

Түркістан қаласы. Фото: NUR.KZ
Түркістан қаласы. Фото: NUR.KZ: UGC

ОҚО тұрғыны Түркістан қаласына барып, кіреберіс жолында тұрған мүсіндерді суретке түсіріп алған. Айтуынша, "қорқақ адамға ұқсайтын" ата мен әже кейпі киелі мекеннің сәніне сын келтіріп тұр.

"Біздің қазақта нар тұлғалы ата-бабаларымыз осындай кейіпте болған ба сонда?! Қорқып тұрған сияқты. Мүсіндерді көріп, оған мән берместен өте алмадым.

Жергілікті басшылық осының орнына рухани байлығымызды көрсететін дүниелер жасаса екен. Бұл қалаға шетелден көп қонақтар келеді. Сонда олар қазақты осы бейнемен тануы керек пе?!", - деп ашуланды азамат.

Түркістан қаласы. Фото: NUR.KZ
Түркістан қаласы. Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725986-kieli-trkistanda-trgan-tsiniksiz-msinder-konaktardy-asuyna-tidi-foto/

pixel