RU
Барселона Чемпиондар лигасымен қош айтысты
Жаңалықтар Әлемде

Барселона Чемпиондар лигасымен қош айтысты

Рассказать Вконтакте

Чемпиондар лигасы аясында өткен Барселона мен Рома командаларының екінші жауапты кездесуінің нәтижесі күллі әлемді таңғалдырды. Каталониялық команда өз қарсыластарынан 3:0 есебімен ойсырата жеңіліп, Чемпиондар лигасынан ұшып кетті деп хабарлайды eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Италия астанасында өткен кездесуде римдіктер ойынның алғашқы минуттарынан бастап өздерін еркін сезінді. Алаң қожайындары әлемнің үздік командаларының бірі болып саналатын Барселона қақпасын үш мәрте бағындырды.

Рома сапындағы Эдин Джеко, Даниэле Де Росси және Костас Манолас өздерінің голдарының арқасында мыңдаған жанкүйерлерге бұрын-соңды болмаған қуаныш сыйлады. Елінің үкілеген үмітін ақтаған италиялық команда өзінің қызу қанды ойынының нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Айта кетейік, бұл командалар арасындағы алғашқы кездесу 4:1 есебімен Барселона жеңісімен аяқталған болатын. Жауапты ойынның мұндай бағыт аларына ешбір жан сенбесе керек.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Римдіктердің жойқын шабуылдарына тіпті Барселонаның жұлдызды ойыншылары жауап беруге қауқарсыз болып қалды. Романың жасаған камбэгі футбол тарихында қалары сөзсіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel