Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ақшасын қайда жібереді?

Опубликовано:

Мамандар қазақстандықтардың қайда және қанша ақша жұмсайтынын есептеп шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ақша. Көрнекі фото: AstroMeridian
Ақша. Көрнекі фото: AstroMeridian: UGC

Белгілі болғандай, 2017 жылдың соңғы тоқсанында тұрғындардың жан басына шаққандағы шығыны өткен жылмен салыстырғанда он пайзыға көбірек болып, 145,6 мың теңгені құраған.

Көп шығын шығарған өңір Жамбыл облысы болып шықты (92,6-111,4 мың теңге, шығын өсімі - 20 пайыз).

ШҚО мен Қызылорда облысының тұрғындары шығынын, сәйкесінше 14,5% және 14,1%-ға өсірген. Ал шығынды азайтқан жалғыз өңір - Маңғыстау облысы (минус 1,7%).

Алматы және Астана тұрғындары ақша жұмсау жағынан көш бастады - сәйкесінше 203,1 және 173 мың теңге. Көштен Қарағанды облысы мен ШҚО-да қалыспауда - сәйкесінше 158,5 және 142,1 мың теңге.

Шығын көрсеткіші бойынша ОҚО, Қызылорда мен Жамбыл облыстары көш соңына жайғасты.

Қазақстандықтардың дені азық-түлік пен тауарларға және ақылы қызметке шығын шығаратыны анықталған.

Шығын шығару бойынша одан кейінгі орында кредиттер мен қарыздарды жабу тұр. Олар ортақ шығынның 3,6%-ын құрады. Орта есеппен әр қазақстандықтың қарызы 5311 теңгені құраған.

Ең аз шығын материалдық көмекке және салықтар мен төлемдерге тиесілі (туыстарға, таныстарға, алименттер т.т.) - сәйкесінше 2,8% және 0,2%.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1725997-kazakstandyktar-aksasyn-kajda-ziberedi/

pixel