Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова әруақтардан Мұхтар Шаханов үшін кешірім сұрады

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова елімізге белгілі ақынға тіл тигізген Мұхтар Шаханов үшін халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Шаханов, Жүнісова: Фото: Караван, nur.kz. Коллаж: NUR.KZ
Шаханов, Жүнісова: Фото: Караван, nur.kz. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Бұл жайында халықтың ерке қызы Instagram парақшасында жариялады.

"Халықтың пір тұтатын асылдарын балағаттау, ұлылыққа жатпайды. Енді басқа айтары қалмағаны ма? Өшпес мұра қалдырған ата-бабаларымыздан кешірім сұраймын. Өз ұлтының абыздарын төмендету, ұлтын сатқанмен тең. Ол кісі арақ ішкенмен, ақылын ішкен жоқ", - деп жазды Жүнісова.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

"Өмірде жоқ кісілерді айыптағаннан не пайда?", "Кінәні іздей берсек, өзімізден де тауып аламыз", "Жердің бетін қойып, оның астындағылармен алысуға көштік пе?", "Шаханов осылай десе ұят болған екен" деді оқырмандар.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мұхтар Шаханов "Біз шырылдап жүргенде Мұқағалидің арақ ішуден қолы босамады" деген еді. Алайда ақынның осы сөзіне наразы болған көпшілік, Шахановты Жазушылар одағынан шығаруды талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1725999-makpal-znisova-ruaktardan-mhtar-sahanov-sin-kesirim-srady/

pixel