RU
Лифтіде қаза тапқан ақтөбелік әйелдің жары: Қызым не болғанын сезетін сияқты
Жаңалықтар Қоғам

Лифтіде қаза тапқан ақтөбелік әйелдің жары: Қызым не болғанын сезетін сияқты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде лифтіде қаза тапқан Айзат Әбдісаматтың жары анасының өлімін көзімен көрген бүлдіршіннің қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Мой Город порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Айзат Әбдісамат. Фото желіден алынды

Айзат Әбдісамат. Фото желіден алынды

Айзат Әбдісаматтың күйеуі Қайыржан Ерқасымов үш жасар қызының бір қасірет болғанын түсінгендей кейіп танытып жүргенін айтады.

"Бірінші күні өте қиын болды. Мүлдем ұйықтай алмады. Екінші күні жиі есіне алып тұрды. Анасын қысып қалғанын қайталай береді. "Ол құлап қалған соң, мен жыладым" дейді. Бірақ қазір ол туралы сұрамайды. Меніңше, ол барлығын сезетін сияқты. Қыздың көз алдында болған қорқынышты сәт есінде қалып қойған", - дейді ол.

Айзат Әбдісамат. Фото желіден алынды

Айзат Әбдісамат. Фото желіден алынды

Қайғылы оқиғадан кейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі барлық лифтілерді тексеруге тапсырма берді. Ал ІІД төтенше жағдайдың себептерін анықтап жатыр.

Айта кетейік, сәуірдің 4 күні Ақтөбеде үш жасар қызын серуендеуге алып шыққан журналист лифтіде қаза тапқан болатын. Ал оның кішкентай қызы ауруханаға түскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
19
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel