RU

Ессіз жанкүйер әйелін сүйікті футбол командасы үшін бәске тігіп жіберді

"Манчестер Ситидің" танзаниялық жанкүйері Амани Стэнли "Манчестер Юнайтедпен" болатын жарысқа бәс ретінде әйелін тіккен. Ол сүйікті командасының жеңімпаз атанатына сенімді болғанымен жеңіліс тапты деп хабарлайды Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Басылымның жазуынша, жанкүйер жігіт "қызыл сойқандардың" табынушысы Шилла Тони есімді досымен бәстеседі.

Олар бекіткен келісім шартта егер "Манчестер Сити" жеңіске жетпесе, Стэнли әйелін бір аптаға беруі керек болған.

Шилла Тонидің сөзінше келсім шартқа қол қойғанда ер адамның ақылы орнында болған.

Еске сала кетейік, 7 сәуір күні өткен матчта есеп 3:2-мен аяқталып, "Манчестер Юнайтедтің" пайдасына шешілген.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1726015-essiz-zankjer-jelin-sjikti-futbol-komandasy-sin-bske-tigip-ziberdi.html