Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік жігіт анасымен кездесу үшін көлік ұрлап әкетті

Опубликовано:

Қостанай облысының тәртіп сақшылары көлік ұрлап, Қостанайдағы анасына келген ақтөбелік жігітті құрықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік. Көрнекі фото: 76.ru
Көлік. Көрнекі фото: 76.ru: UGC

Шамамен сағат түнгі 12-де Қостанай полицейлеріне Ақтөбеде белгісіз біреу "Ниссан" көлігін ұрлап әкеткені туралы хабар келіп түседі.

Ақтөбелік полицейлер Қостанай облысындағы әріптестеріне күдікті Қостанайға бет алды деген болжаммен ақпарат жіберген.

Патрульдік полиция өңірді тінту барысында жеке үйлердің бірінің ауласынан ұрланған көлікті табады.

Белгілі болғандай, көлікті 28 жастағы ақтөбелік азамат айдап әкеткен. Ол көптен бері Қостанайдағы анасын көрмегендіктен, онымен кездесу үшін көлік ұрлағанын айтып ақталған. Тергеу жүргізілуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1726025-aktbelik-zigit-anasymen-kezdesu-sin-klik-rlap-ketti/

pixel