RU
Сот алдында Байтұрсыновтың өлеңін оқыған Еркін Ізбасар елбасыдан көмек сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Сот алдында Байтұрсыновтың өлеңін оқыған Еркін Ізбасар елбасыдан көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбедегі "Төрт ағайынды" ісінде Еркін Ізбасардан жауап алынып жатыр. Ол сот отырысының басында өзінің соңынан жауап беретінін айтқан болатын деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: diapazon.kz

Фото: diapazon.kz

Қылмыс әлемінің серкесі ретінде қамауға алынған Еркін Ізбасар сот залында Ахмет Байтұрсыновтың "Көк есектерге" өлеңін оқыды.

"Менің мінезім тік, тура айтамын. Қылмыс әлемімен байланыстырулары да содан болуы мүмкін. Мені наркоман деп те шығарды. Мен өмірімде арақ ішіп, темекі тартқан адам емеспін. Әрбір он жыл сайын мені қылмыс әлемімен байланыстырады. Түбі бір шындық болады деп ойлаймын. Екі рет құрбандыққа шалды кеттім. Енді мынау, қалай сонда? Баяғыда бір ағамыз айтқан екен, өлеңді білетін шығарсыздар:

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны. (А.Байтқұрсынов)

Осы сөз 1937 жылы айтылған. Сонда бізде әлі өзгеріс жоқ па? Әй бір шындық болу керек қой?! Менің осы айтқандарымды елбасы естісе екен. Елбасы ести алмай, оған жетпей жатыр. Далада, орманның ішінде айқайлап жатқандаймын. Камераның ішінде үстіме мініп секіріп жатыр дегенімді әлі бір адам естімейді. Өткенде мені ұрып қамап, теуіп, тісімді сындырып, үстіме секіріп, басыма қолымда тұрған мына қапшықты кигізді. Менің быт-шытымды шығарды", - дейді Еркін Ізбасар.

Сотталушы өзінің өткен өмірі туралы да айтып берді.

"Мен оқуымды бітіргеннен кейін бір жыл мал бақтым. 1984 жылы Ақтөбе қаласындағы медицина университетіне түстім. Онда оқып жүріп, екінші курсында әскерге кеттім. 1987 жылы оқуымды қайта жалғадым.Төртінші курсымда Алматыдағы ветеринарияға ауысып кеттім. Яғни, мен адам институтын бастап, мал институнына ауысып кеттім. Үздік оқыдым, қоғамдық жұмыстарға араластым.

1992 жылы отбасылы болдым. Қазақстанның атынан жарыстарға қатыстым. 1994 жылы оқуымды бітіріп, 1995 жылы бокс федерациясында жұмыс істедім. Сол жерде қызмет жасап жүріп, 1997 жылы жол апатына түстім. Одан кейін менің жаңа өмірім басталды. Ол басқа өмір, басқа әлем… Маған 10-11 сағатқа созылған 13 операция жасалған. Мамам тоғыз отаның ғана қағазын жинаған. Ақтөбеде үш, Алматыда бес, Германияда бір, Мәскеуде үш, Бейжіңде бір рет ота жасалды. Екі ай сайын отаға жатып жүрдім”, - дейді сотталушы.

Қазіргі уақытта Ақтөбедегі мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Еркін Ізбасардың жауабы тыңдалып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
18
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel