RU
Ақышев: Теңге рубльге байланып қалған жоқ
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ақышев: Теңге рубльге байланып қалған жоқ

Рассказать Вконтакте

Теңге мен рубль бір-біріне тәуелді, бірақ Қазақстанның ұлттық валютасы оған байланып қалған жоқ. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев мәжілістің жалпы отырысынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақышев: Теңге рубльге байланып қалған жоқ

Ақышев: Теңге рубльге байланып қалған жоқ

Журналистер ең алдымен теңге бағамының әлсіреуіне байланысты үкіметтің дайындап жатқан жоспарын сұрады.

Алайда Данияр Ақышев бұл сұрақты Үкіметте қою керегін және осыған байланысты ақпараттық хабарлама дайындап, тарататынын айтты.

"Еркін айналымдағы валютамыз теңгенің бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Соңы жағдайға дейін барлық макроэкономикалық параметр тұрақты болған еді. Өкінішке қарай, АҚШ-тың Ресей Федерациясына салған санкцияларынан соң жағдай ресейлік қор нарығының құбылмалылығына алып келіп, одан кейін валюта нарығына әсер етті. Ол біздің сауда әріптесіміз, біз ЕАЭО елі ретінде бір-бірімізге әсер етеміз. Ресейде болып жатқан жағдайлардан соң Қазақстанға да әсер етіп жатыр. Соңғы екі күнде рубль 10% әлсіреді. Ал теңге соңғы күнде 3% әлсіреді. Теңге рубльге байланып қалған жоқ. Иә, біз бір-бірімізге тәуелдіміз, бірақ байлаулы емеспіз", - деді Данияр Ақышев.

Еске сала кетейік, кеше айырбастау пункттерінде доллар бағамы 335 теңгеге дейін көтеріліп кетті.

Мамандардың пікірінше, бұған Ресейдегі ахуал себеп. АҚШ-тың соңғы санкциясы көршіміздің қаржы нарығын тұралатып жатыр. Кеше рубль құнсызданып, тіпті ресейлік олигархтар мен алпауыт компаниялар миллиардтаған долларынан жоғалтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel