RU
Левит пен Ниязымбетов Азия ойындарына қатыса алмайтын болды
Жаңалықтар Қоғам

Левит пен Ниязымбетов Азия ойындарына қатыса алмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бокс федерациясы 2018 жылы Азия ойындарына қатысуға берілетін өтініш үлгілерін алды. Құжатта спорттық шара бағдарламасына енгізілген күрделі өзгерістер анықталды деп хабарлайды vesti.kz-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 31.kz

Фото: 31.kz

Индонезияда өтетін жарысқа әрбір елден 51, 57 және 60 келі салмақтағы әйелдер қатыса алады. Оған қоса "олимпиадалық" деп саналған 75 келіге дейінгі салмақты 57 келіге алмастырылған.

Азия ойындарында ерлер қауымы жеті категория бойынша жұдырықтасады. 81, 91 келіге дейін және 91 келіден жоғары салмақтағы боксшылардың қатысуға енді мүмкіндігі жоқ.

"Әйелдер арасындағы елдің басты чемпионатында тартыс үш салмақ бойынша жүрмек. Сондай-ақ, Назым Кызайбай мен Жайна Шекербекованың 51 келіге дейінгі салмақтағы көп жылғы текетіресін де атап өту керек.

Ал Азия ойындарының бағдарламасында орын алған елеулі өзгерістер жүлделі орындарға деген үмітімізді азайта түсті. Дариға Шәкімбаева, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит сияқты Олимпиада жүлдегерлері және болашағынан үміт күттіретін ауыр салмақтағы Қамшыбек Қонақбаев биыл Азия ойындарына қатыса алмайтын болды.

Біз AIBA ұйымына бұл жағдай жөнінде түсінік берулерін сұрап хабарластық. Сәуірдің аяғына дейін салмақтардың не себепті өзгергенін және дәл осы салмақтар не үшін таңдалғанын түсіндіреді деген үміттеміз", - дейді ҚБФ үйлестірушісі, мемлекеттік бокс бапкері Болат Әбдірахманов.

Еске салайық, жазғы Азия ойындары Индонезия астанасы Джакартада 18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында өтеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір