RU
Нығматулин Ақышевқа: Лекция оқудың қажеті жоқ, нақты жауап беріңіз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Нығматулин Ақышевқа: Лекция оқудың қажеті жоқ, нақты жауап беріңіз

Рассказать Вконтакте

Мәжілістің жалпы отырысында «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заң жобасының алғашқы оқылымында спикер Нұрлан Нығматулин Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевты депутаттар сауалына нақты жауап бермегені үшін сынға алды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kapital.kz

Фото: kapital.kz

Нұрлан Нығматуллин Ұлттық Банк төрағасын ұзақ сөйлеп тұрып алмай, қойылған сұраққа жөнді жауап беруге шақырды. Оның айтуынша, мінберде тұрып алып қойылған сұрақтарды көп сөзбен шектеймін деп ойлайтындар жетіп артылады.

«Данияр Талғатұлы, залдың реакциясын көріп отырсыз ба? Бізде мұндай жағдай бұрын да болған. Біздің құқығымыз бар, сізді күн бойы тыңдауға әзірміз. Нақты жауап беріңіз. Нақты сұрақ болды: Ұлттық банк осындай мәмілелердің сомасы бойынша шектеулер енгізуді жоспарлап отыр ма? Иә, не жоқ деп жауап беріңіз. «Иә» болса қандай көлемде? Мұнда келіп лекция оқудың не қажеті бар?», - деді Нұрлан Нығматулин заң жобасын талқылау барысында.

Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев «Шығарылатын ақшалардың көлеміне ешқандай валюталық шектеу жоқ», - деп қысқа қайырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір