RU
Ауғанстанда құранды жатқа оқыған балаларға автоматпен оқ жаудырып, қырып салды
Жаңалықтар Әлемде

Ауғанстанда құранды жатқа оқыған балаларға автоматпен оқ жаудырып, қырып салды

Рассказать Вконтакте

Ауғанстанға қарасты Құндыз ауданында құранды жатқа оқитын 200 хафиз жиналған шараның соңы, қанды қырғынмен аяқталды деп хабарлайды golosislama.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауғанстан. Фото: golosislama.com

Ауғанстан. Фото: golosislama.com

Қайғылы оқиғадан 80 адам қаза тапқан. Олардың көбісі балалар. Сондай-ақ ауыр жараланғандар ауруханаға жеткізілген.

"Менің екі балам Құран кітапты жатқа оқыды. Осы шараға қатысардың алдында қос құлыным екі гүлді қолыма ұстатып кетті. "Ана біз оралғанда мұны кеудемізге тақ" деді. Олар кешіксе де, мен екі гүлді ұстап күттім. Бір кезде шу шығып, жұбайым екі баланың денесін көтеріп келді. "Біздің балаларымыз Алланың кітабын жатқа білді. Олар Құранды оқып болды да, Алласымен кездесуге кетті" деп айтты", - дегенді айтқан ана жылап жіберді.

Айта кетейік, төбеден оқ жаудырған Ауғанстанның әуе күштері болып шықты. Олар бұл әрекетті Американың қолдауымен жасаған. Бұл іске жауаптылар "Талибан" қозғалысының адамдары да шараға келгендіктен, осылай жасауға мәжбүр болғанымен түсіндірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
7
31
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір