RU
52 өзбек азаматы тірідей өртенiп кеткен автобустың иесi әлі қашып жүр
Жаңалықтар Қоғам

52 өзбек азаматы тірідей өртенiп кеткен автобустың иесi әлі қашып жүр

Рассказать Вконтакте

Бүгiн Бас прокуратура жолаушылар тасымалы аясындағы тексерiс нәтижесiн жариялады. Жиын барысында прокуратура өкiлдерi Ақтөбе облысында 52 өзбек азаматының автобуста қаза болуына қатысты қылмыстық iске тоқталып өтті деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: baq.kz

Фото: baq.kz

Жыл басында Ақтөбе облысында жанып кеткен жолаушылар автобусына қатысты сотқа дейiнгi тергеу жұмыстарының нәтижесі анықталды. Бұл туралы қоғамдық мүдденi қорғау қызметiнiң басшысы Азамат Дүйсембеков айтты.

«Биылғы жылдың 26 наурызында аталған автобустың 3 жүргiзушiсiне қатысты сотқа дейінгi тергеу аяқталды. Олардың әрекеттерi Қылмыстық кодекстiң 345-бабының 4-бөлiгi абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан iс-әрекет деп сараланды. Айыпталушылар мен олардың қорғаушылары iс материалдарымен танысып жатыр», - дедi ол.

Маманның айтуынша, автобус иесi Мехтиев әлі қазiр қашып жүр. Оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тергеу барысында нақты кімдердің жазаланатыны анықтады.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртенiп кеткен болатын. Оқиғадан 52 адам қаза тауып, бесеуi аман қалды. Өзбекстан азаматтары отырған автобус ОҚО-дан Ресей Федерациясына жол жүрiп бара жатқан.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір